Үкімет

Көлік нысандары террорлық актілерден мықтап қорғалатын болады – ҚР ИДМ

Көлік нысандары экстремистік және террорлық актілерден мықтап қорғалатын болады, деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында.
Астана қаласы19 Шілде , 16:24

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, көлік нысандары экстремизм мен терроризмнен қорғау бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Бірінші, әуежайларды, авто және темір жол бекеттерін бақылау құралдарымен жабдықтау бойынша талаптар қойылды. 20 әужайды жабдықтау үшін бақылау құралдарын бір мезетте сатып алуға қаржы сомасы анықталды. Бұлар – 12 мемлеукеттік және 8 жекеменшік әуежайлар. Тапсырма аясында Қаржы министрлігіне көрсетілген соманы қарастыру туралы хат жолданды»,-деді Ж.Қасымбек.

Оның айтуынша, ҚТЖ компаниясымен де 18 темір жол вокзалдарын бақылау құрылғыларымен жабдықтау бойынша қаржы бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«2017-2019 жылдарға осы мақсатта 6 млрд, теңге бөлінетін болады. Оның 2017 жылы 5 вокзалды – бұлар Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды, Астана мен Ақтөбе вокзалдарын жабдықтау көзделуде. 2018-2019 жылдары қалған 13 вокзалды толығымен жабдықтау жоспарлануда»,-деді министр.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика