Үкімет

Елдің халықаралық резерві 2016 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 96,2 млрд долларды құрады

Елдің халықаралық резерві 2016 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 96,2 млрд долларды құрады, деді Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.
Астана қаласы19 Шілде , 16:18

«Кредиттеудің өсуі жанданғаны байқалады. 2016 жылғы қаңтар-мамырда экономикаға екінші деңгейлі банктердің жаңадан берген кредиттерінің көлемі   3,7 трлн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда  6,7%-ға артық», - деді Қ.Бишімбаев.

Сонымен бірге, мұнай мен металдардың әлемдік бағасының төмендеуі нәтижесінде 2016 жылғы қаңтар-мамырда экспорт көлемі 31,8%-ға,  13,7 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарды.

«Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мұнайдың орташа әлемдік бағасы 30,8%-ға, барреліне 40,2 АҚШ долларына дейін, сондай-ақ металдар бағасының индексі -  18,1%-ға төмендеді», - деді ол.

«Сондай-ақ, импорттың 27,0%-ға, 9,2 млрд. АҚШ долларына дейін төмендегені белгілі болып отыр.  Нәтижесінде сыртқы сауда айналымы 29,9%-ға, 23,0 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеді. Дегенмен,  сыртқы сауда сальдосы 4,5 млрд. АҚШ доллары деңгейінде оң болып қалуда», - деді министр.

Елдің халықаралық резервтері 2016 жылғы 1 шілдеге 96,2 млрд. АҚШ долларын құрап, жыл басынан бері 5,2%-ға өсті, оның ішінде Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтері 3,5%-ға,  65,7 млрд.

«АҚШ долларына дейін өсті және Ұлттық банктің алтын-валюталық активтері   9,4%-ға, 30,5 млрд. АҚШ долларына дейін өскен», - деді ол. 

Ботагөз Айтжанова 




Дерекнама

Яндекс.Метрика