Үкімет

2016 жылғы 6 айда тұрғын үйлерді пайдалануға беру 16,9%-ға өсті

2016 жылғы 6 айда тұрғын үйлерді пайдалануға беру 16,9%-ға өсті , деді Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.
Астана қаласы19 Шілде , 16:13

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді пайдалануға берудің елеулі өскенін атап өтті. 2016 жылғы 6 айда тұрғын үйлерді пайдалануға беру 16,9%-ға 5,0 млн.м2 дейін өсті, оның ішінде мемлекет қаражаты есебінен 262,0 мың м2 пайдалануға берілді, жылдың соңына дейін тағы 309,0 мың м2 пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деді Қ.Бишімбаев.

Министрдің айтуынша, апатты мектептерді  және үш ауысымдық оқытуды жою үшін ағымдағы жылдың басынан бастап 2015 жылы басталған 4 мектептің құрылысы аяқталды және 42 мектептің құрылысы басталды. Жылдың соңына дейін 34 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында экономиканың жоспарланған өсуін 0,5% деңгейінде қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бөлінген, оның ішінде ағымдағы жылғы 21 маусымда Үкімет мақұлдаған екінші экономикалық өсу мен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді ынталандыру жөніндегі шаралар топтамасы шеңберінде бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету қажет» - деп қорытындылады Бишімбаев.

 




Яндекс.Метрика