Орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің ара-жігін ажырату

Павлодарды дамытудың 6 жобасы әзірленді

Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын кеше шаһарды дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
Павлодар16 Шілде , 00:00

Ол негізгі 6 жобамен анықталған. Олардың ішінде қолжетімді тұрғын үй құрылысы, «Спорт-сити Павлодар» ықшамауданын, энергиялық үнемді Усольск жасыл орамын, Мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын салу жобалары бар.

Павлодар қаласының әкімі Оразгелді Қайыргелдиновтың айтуынша, биылғы жылы «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша облыс орталығында 113,6 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылмақ.

Жеке коттедждерге жер телімін бөлу мәселесі ескеріліп, 2020 жылға дейінгі тұрғын үй құрылысының жоспары әзірленді.

Ал «Спорт-сити Павлодар» спорттық ықшамауданы 2017 жылға қарай бой көтереді деп күтілуде. Онда 4 мың көрерменге арналған Жекпе-жек орталығы тұрғызылып, жабық ату тирі, семсерлесу залы, 4 әмбебап зал, медициналық орталық, жүгіру жолақшалары бар жеңіл атлетикалық манеж, мұз сарайы және футбол манежі ашылмақ.

«Құлагер» ипподромының құрылысы да қолға алынды. Оның маңында 50 метрлік жүзу бассейні орын теппек.

Көлікті тіркеу және жүргізу куәліктерін тапсыруға арналған мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына 3 гектар жер телімі бөлініп, бүгінде жобалық-сметалық құжаттар әзірлену үстінде.




Яндекс.Метрика