Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстан темір жолында жылдамдығы 200 шақырымдық жолаушылар локомотиві пайдаланылады

Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүре алатын KZ4AT электровозы Киік-Мойынты жол телімінде сынақтан өткізілді. Жаңа үлгідегі бір секциялы көп міндетті атқара алатын локомотив қазақстан темір жолында рекордтық жылдамдықпен жүріп өтті.
Казахстан19 Шілде , 19:33

 Alstom компаниясының локомотиві әлемнің түкпір -түкпірінде қолданыста жүр. Жаңа техника «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ техникалық және ГОСТ стандарты мен сертификаты талаптарына сәйкес келеді. Электровоздың сыртқы кескіні сұлу ғана емес, ішкі дизайны да өте жайлы әрі көрнекті.  Машинист  пен көмекшісінің кабинасында барлық жағдайлар жасалған. Жылуды бақылау қондырғысы, орындықты жылыту жүйесі, еденді жылыту, микротолқынды пеш, тоңазытқыш, дәретханасы да бар, деп хабарлады ҚТЖ.

Сынаққа қатысқан локомотив бригадасы жаңа электровоздың мүмкіндігін жоғары бағалады. «ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ-ның «Қарағанды локомотив пайдалану депосы» филиалының машинист- нұсқаушысы Нұрлан Сейітов, 1-сыныпты машинисі Сергей Сотников және машинист көмекшісі Илья  Урюмцев KZ4AT электровозын локомотив атаулының  флагманы  деп таныды.

«Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүрген кезде қысымның аздаған жоғарылауы байқалады.  Бұл әлі үйренбегендіктен секілді. Себебі, қазіргі жолаушылар пойыздарының ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 140 шақырымнан аспайды. Мұндай жылдамдықпен «Тұлпар-Тальго» пойызы Астана мен Алматы арасында жолаушыларды тасымалдайды. Ал, сағатына 200 шақырым жылдамдықпен қазақстандық машинистер әлі жүріп көрген жоқ. Бұл мәселеде біз алғашқылармыз!»,-дейді кеудесін мақтаныш кернеген машинист пен оның көмекшісі.

“Бұл сынақтар сәтті өткеніне және Қазақстанда темір жол тарихында алғаш 200км/сағ жеткендігіне өте қуаныштымыз және мақтан тұтамыз. Бұл рекорд жаңа Жібек Жолы арқылы Еуропа, Қиыр Шығыс, Азия мен Ресейді Қазақстан байланыстыратын болашақ көлік дәлізінің орталығы ретінде дамуының келешегі зор”, Оңтүстік ТМД кластерінің басқарушы директоры  Бернард Пелль айтып өтті.

Қазақстанда мұндай үлгідегі локомотивтерді күзде Астанадағы «Электровоз құрастыру зауыты» кәсіпорнында құрастырыла бастайды.

 

 




Яндекс.Метрика