Үкімет

ҚР Премьер-Министрі Алматыдағы оқиғаға байланысты бірқатар тапсырмалар берді

Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысында Алматыдағы оқиғаға байланысты бірқатар тапсырмалар берді.
Астана қаласы19 Шілде , 15:43

«Алматыдағы оқиға бейбітшілік, тыныштық пен қауіпсіздік біздің қоғамда ең басты құндылық екенін таңы бір көрсетті. Қазір біз Көшбасшымыздың маңайына топтасып, терроризмге қарсы тұруға және тәуелсіз, бейбіт жолымызды одан әрі жалғастыруымыз керек»,-деді К.Мәсімов.  

Сонымен қатар Үкімет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

«Бірінші, ішкі істер министрлігі Алматыда қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қолдану керек. Сонымен қатар, еліміздің барлық аймағында мемлекеттік қауіпсіздік мен қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауы тиіс. Екінші, Ішкі істер министрлігі мен Алматы әкіміне қаза болғандардың отбасына дереу  көрсетсін. Үшінші, Алматы әкімдігі мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне зардап шеккендер мен жараланғандарға медициналық көмек көрсетуді тапсыраымн. Төртінші, Алматы әкімдігіне құзіретті органдармен бірлесіп, сараптама жасауды және қаладағы әлеуметтік өзекті мәселелерді шешу бойынша қосымша нақты шараларды қолға алу керектігін жүктеймін. Солардың ішінде жұмыссыздықпен күрес, жұмыспен қамту, жастар мен діни саладағы мәселелердің шешілуін. Шағын және орта бизнесте, экстремизмге қарсы әрекет ету,  қылмыстық, криминалдық, миграциялық саясатқа ерекше көңіл бөлуді тапсырамын»,-деп тапсырма берді Премьер-Министр.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика