Өңірлер

Қызылордада биыл 67 көпқабатты тұрғын үй салынады

Қызылордада өңірді дамыту бағдарламасына сәйкес үстіміздегі жылы 67 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек, деп облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұрат Тілеуімбетов хабарлады.
Қызылорда19 Шілде , 19:14

Облысымыздың бас сәулетшісінің мәлімдеуінше, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы мен оның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту бағыты бойынша 2016 жылға 21 жобаға барлығы 9,03 млрд. теңге қаржы бөлінді. Одан бөлек, республикалық бюджеттен 2016 жылдың маусым айында ҚР Ұлттық экономика министрлігіне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 19 жоба бойынша барлығы 9,1 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде Қызылорда қаласында Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан 4 жобаға 3 841,5 мың теңге және аудандар бойынша жеке тұрғын үйлерге 15 жобаға 5 236,4 мың теңгеге 2016 жылға қосымша бюджеттік өтінім ұсынылды.

«Бүгінде «Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі арқылы 29 көпқабатты тұрғын үйдің, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі арқылы 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар жылдың соңына дейін 14 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр. Ағымдағы жыл соңына дейін құрылыс компанияларының үлестік қатысуы арқылы 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда», - деді М.Тілеуімбетов.

2016 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша 9 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

 




Яндекс.Метрика