Үкімет

Б.Сағынтаев ӘКК қызметінің тиімділігі мәселелері бойынша селекторлық жиналыс өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) қызметінің тиімділігі мәселелері бойынша селекторлық жиналыс өткізді.
Астана қаласы19 Шілде , 14:31

Жиналыс барысында облыстардың, Астана мен Алматы қаласы әкімдерінің ӘКК-нің шығынсыз қызметін қамтамасыз ету жұмыстары, тиімділігі жоғары жобаларды жүзеге асыру барысы туралы есептері тыңдалды, деп хабарлады pm.kz.

Б.Сағынтаев жиналыс соңында жергілікті атқарушы органдарға ӘКК қызметінің тиімділігін бағалау қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюды, сондай-ақ болашақта бұзушылықтарға жол бермес үшін корпорациялар қызметіне егжей-тегжейлі талдау жүргізуді тапсырды. Одан бөлек, құрамында әрекетсіз, пайдалылығы төмен және профильді емес активтері бар ӘКК-лерді қайта құрылымдау және активтерінің құрылымын реттеуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Әкімдіктер ӘКК-нің даму стратегиясына өзгертулер мен толықтырулар жобасын әзірлеп, онда қатерлерді басқару, ӘКК мен сол аймақтың тиімді дамуына ықпал ететін қызметтің негізді әрі нақты көрсеткіштерін көрсетуі тиіс.

 

 




Яндекс.Метрика