Басқару

К.Мәсімов «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінің отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі, директорлар кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Астана қаласы19 Шілде , 13:46

Күн тәртібінде холдингтің компаниялар тобын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды, деп хабарлады pm.kz.

Директорлар кеңесі «Бәйтерек» Холдингінің 2014-2018 жылдарға арналған түзетілген Дамыту жоспарын бекітті.

«Дамыту жоспарын түзетудің негізгі себептері Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес 2016-2017 жылдары экономикалық өсімді ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды жүзеге асыру, тұрғын үй құрылысына кепілдік беру бағдарламасын іске асыру болып табылады», - деп түсіндірді АҚ басқарма төрағасы.




Яндекс.Метрика