Адами капитал

Е.Қарин: Халыққа жалпы антитеррорлық дайындық шараларын өткізу керек

Халыққа жалпы антитеррорлық дайындық шараларын өткізу керек, деді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы19 Шілде , 12:56

«Жалпы халыққ антитеррорлық дайындық шараларын жүргізіп, түсіндіру жұмыстарын жасау керек. Біз осындай сәттерді жіберіп алып отырмыз. Біз бірнеше террорлық қауіп пен қатердің деңгейлерін (сары, қызғылт сары, қызыл) енгіздік. Бәрібір халықтың үнемі ақпаратты білмей жатқанын және мұндай жағдайда не істеу керектігін білметіндерін көріп отырмыз. Бұл кешегі кадрлардан-ақ көрініп тұр. Бір жағынан азаматтардың жараланғандарға көмектесіп жатқандығы тұрғысынан позитивті сәттер бар. Бірақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін де естен шығармау керек қой. Менің ойымша, бұл тұрғыда көптеген жұмыстар атқарылуы керек»,-деді Е.Қарин.

Еске сала кетейік, 18 шілде күні Алматыда террорлық акт болып, 5 адам қаза тапқан еді.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика