Адами капитал

Е.Қарин: Қатерлерге қарсы әрекет жасау үшін проблемаларды шешуде қоғам мен мемлекеттің күш-жігерін біріктіру қажет

Қатерлерге қарсы әрекет жасау үшін проблемаларды шешуде қоғам мен мемлекеттің күш-жігерін біріктіру қажет, деп Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.
Астана қаласы19 Шілде , 12:39

«Соңғы болған Алматыдағы қайғылы жағдай барлығымыз үшін үлкен сабақ болды және осындай проблемаларды шешуде қоғам мен мемлекеттің күш-жігерін біріктіру қажет. Орталық Азия өңіріндегі тыс террористік ұйымдардың ықтимал шабуылдарын назарға шоғырландыра, менің ойымша, біз қауіп-қатердің дәрежесін жете бағаламадық. Осындай қатерді жете бағаламау, менің ойымша, әлі күнге дейін қоғам мен мемлекет дәрежесінде жіті ахуалға ие. 2011,2012 жылдары болған оқиғадан кейін барлығы тез арада бәсеңдеді. Болған оқиғалар  радикализмнің бір шолпылы ретінде қарастырылды. Өкінішке орай, экстремизм мен терроризм қатерін қоғам мем мемлекетте ұзақ күресу керек болады»,-деді Е.Қарин.

Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, жан-жақты талдау жұмыстарын жасау керек.

«Әрине, көптген сұрақтар туындайды және бар. Қылмыстың болған себебін қалай бағалауымыз керек -  лаңкестік шабуыл немесе қылмыстық әрекет ретінде ме. Алайда, кешегі Алматыда болған оқиға қандай болып бағалануына қарамастан, бұл жерде осы сынды оқиғалардың қайталану қаупі сақталғандығын айтып өткім келеді. Сол себепті, тек болған оқиғаға ғана емес, сондай-ақ жан-жақты талдау жұмыстарын жасау керек»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, Алматыда 18 шілдеде террорлық әрекет болды, нәтижесінде 5 адам қаза болды.  

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика