Өңірлер

СҚО-да құрылыс көлемі 5,8 %-ға өсті

СҚО-да 2016 жылдың қаңтар-маусым айларцында енгізілген тұрғын үй көлемі 121,8 пайызды құрады, деп хабарлады Статистика департаментінің жетекшісі Марал Нұржаупова 2016 жылдың бірінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысына арналған отырыста.
Солтүстік Қазақстан19 Шілде , 14:53

Ол айтып өткендей, осы жылы 38,4 мың шаршы метрді құрайтын 289 пәтер пайдалануға берілді. 2016 жылдың қаңтар-маусым айларцында енгізілген тұрғын үй көлемі 121,8 пайызды құрады. Құрылыс көлемі 5,8 пайызға, негізгі капиталған құйылған инвестиция 3,4 пайызға көбейді.

«Азық-түлікті өндіру 5,6 пайызға, оның ішінде ұн өндіру 32,5 пайызға, ондитерлік өнім 23,4 пайызға, нан – 7,6 пайызға, сүт өнімдері – 4,2 пайызға көбейді. Сусындарды шығару 3.3 есеге, химия өнеркәсібінің өнімі 2,7 пайызға, көлік құралдары 30,1 пайызға өсті», - деді ол.

Статистикалық мәлімет бойынша, құрылыс пен инвестицияның өсуі бойынша өңір бесінші орын алды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика