Экология

Д.Малашенков: Аралдың экологиялық жағдайы жақсарды

Аралдың экологиялық жағдайы жақсарды, деп хабарлады флуоресценттік әдістеме зертханасының басшысы, «Назарбаев Университеті» National Laboratory Astana ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері Дмитрий Малашенков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы19 Шілде , 12:17

Еске сала кетейік, 15 маусым күні Астанадан бастау алған «Ұлытау-Арал» ғылыми-зерттеу экспедициясы 12 күндік жұмыстарын 26 маусым күні аяқтаған болатын.

«Экспедиция кезінде бағыт бойынша Солтүстік және Кіші Арал орналасқан аумақтан біз сынамалар алып, олардың параметрлерін өлшедік. Сонымен қатар, Көкарал су қоймасына да ат басын тіредік. Біз фитопланктон сараптамыс үшін су сынамаларын алдық», - деді Д. Малашенков.

Оның айтуынша, әр учаскеден гидролого-гидрохимиялық параметрлер негізі өлшенді. Мысалы, тұздылығы тексерілді.

«Бұл параметр жайында айтқанда, Кіші Аралдың зерттелген учаскесінде 3-тен 11-ге дейін промилле өзгереді. Көкарал су қоймасында аса айтарлықтай айырмашылық жоқ. Соңғы жылдардағы деректерге қарағанда Кіші Аралда орташа тұздылықтың аздап төмендегені байқалады. Жалпы, микроорганизм фитопланктондарының биотүрлілігі туралы айтқанда ол Қазақстандағы басқа су нысандарындағылармен салыстырғанда өте көп емес. Біздің экспедициямыздың ең басты қортындысы, біз соңғы кездері жасалмаған Арал теңізінің параметрлерінің гидробиологиялық деректерін алдын ала жинап ала алдық»,-деп атап өтті ол.

30 адам қатысқан экспедиция Астана-Жезқазған-Бақоңыр-Қоскөл-Сексеуіл-Арал-Қаратерең-Қалалық Арал-Асар және Кердері кесенесі – Барсакелмес қорығы-Қасқақұлан-Янгикент қалашығы-Қазалы-Байқоңыр ғарыш айлағы-Қорқыт ата-Жосалы-Қалмаққырған өзені-Жезқазған-Астана бағыттарымен 4 мың шақырым жерді аралап қайтты.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика