Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында полиомиелитпен сырқаттану көрсеткіші 5 есеге төмендеді

Соңғы 25 жылда Қазақстанда вакцинациялаумен кең көлемді қамту шаралары нәтижесінде полиомиелитпен сырқаттану деңгейі 5 есеге төмендеді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан19 Шілде , 11:42

2011 жылдан бастап республикада бірде бір полиомиелит жағдайы тіркелмеген болса, ал 1991 жылы 5 жағдай тіркелген болатын (сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,03).

Полиомиелит – полиовирустан туындайтын жіті жоғары инфекциялы ауру. Ол жүйке жүйесін зақымдап, санаулы сағаттарда жалпы сал ауруына әкелуі мүмкін.

Вирус адамнан адамға беріліп, негізінен фекальді-ауызды жолдар арқылы, немесе кейбір жағдайда кәдімгі инфекция тасымалдаушы арқылы (мәселен, лас су мен азық-түлік) беріліп, ішекте көбейеді.

Полиомиелит негізінен 5 жасқа дейінгі балаларды зақымдайды. Аурудың алғашқы белгілері: бас ауруы, жүректің айнуы, қалтырау, шаршаңқылық, мойынның қатаюы, аяқ-қолдардың ауруы.

ДДСҰ мәліметі бойынша, жұқтырудың 200 жағдайының бір жағдайында қайтымсыз сал ауруы пайда болады (әдетте аяқтың сал ауруы). Сал ауруына шалдыққан адамдардың 5-10% -ы тыныс алу бұлшықеттерінің сал ауруына шалдығуына байланысты қайтыс болады.

Полиомиелит емделеді, оны халықты иммундау арқылы емдеуге болады. Егуден бас тарту -  инфекцияға бейім адамдардың санын артуы және сырқаттанушылықтың бұрқ етпесін тудыруы мүмкін.

 




Яндекс.Метрика