Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілімен кездесті

БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясының басшысы Ян Кубишпен кездесу өткізді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы28 Қараша , 13:28

«Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тетіктері, сондай-ақ Ауғанстан экономикасын қалпына келтіру мәселесі қаралды», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы елдің дамуына, соның ішінде ауған студенттерін оқытуға бағытталған түрлі жобаларды іске асыру арқылы Ауғанстанға Қазақстанның көмек көрсетуді жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Я.Кубиш Нұрсұлтан Назарбаевты келесі жылғы сәуірде өтуге тиіс президенттік сайлауға Ауғанстанның дайындығы барысы туралы хабардар етті, сондай-ақ БҰҰ-ның елдегі ахуалды тұрақтандыру бағытында күш-жігер жұмсап отырғаны туралы да айтты.   




Яндекс.Метрика