Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстандық «KazSat-2» байланыс және хабар тарату жерсерігінің ұшырылғанына 5 жыл толды

2016 жылы Ұлттық «KazSat-2» байланыс және хабар тарату жерсерігінің ұшырылғанына 5 жыл толды. 2011 жылдың 16 шілдесінде Байқоңырдан ұшырылған «KazSat-2» байланыс және хабар тарату жерсерігі мақсатына лайық 86,5º шығыстық бойлық орбиталық позициясында пайдаланылуда.
Казахстан19 Шілде , 10:39

«KazSat-2»  ғарыштық аппаратын құрған кездері қазіргі заманғы техникалық шешімдер қолданылды, борттық жүйелерге жаңғырту жүргізілді, жүйелерін бағыттайтын жоғары сенімді құрылғылар орнатылды және өндіріс тұрақтандырылды, деп Қазғарышта хабарлайды.

«KazSat-2» жерсерігінің қамту ауданы Қазақстан Республикасының аумағымен қатар, Орта Азия аумағын (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдерін) және Ресейдің орталық бөлігін қамтиды.

Айта кетейік, «KazSat-2»  жерсерігі іске қосылғаннан кейін ол экономиканың және мемлекетіміздің дамуының  маңызды кезеңі болды.

«Бүгін ғарыштық аппарат штаттық режимде пайдаланылады. 12 қазақстандық компанияның үздіксіз қызмет желілерін қамтамасыз етеді, Интернетке қолжетімділік жоғары, сонымен қатар спутниктік байланысқа да»,-деп хабарламада айтылған.

Маңызды айта кететін жайт, Қазақстанда «KazSat-2» және «KazSat-3» ғарыш аппараттарының топтамасы құрылды. Біздің еліміз «KazSat» спутниктік байланыс пен хабар таратудың ғарыштық жүйесінің толыққанды иесі атанды. Оның құрамына ғарыш аппараттарын жерден басқару кешені мен байланысты бақылау жүйесі - «Ақкөл» ғарыш байланысының орталығы және Алматы қаласы маңындағы қосымша жерден басқару кешені - «Көктерек» ғарыш байланысының орталығы кіреді.




Яндекс.Метрика