Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

АРАЗ 2016 жылы өндіретін рельс өнімдерінің үштен біріне жуығын экспорттауды жоспарлауда

«Қазақстанның Даму Банкі» қаржыландыруымен салынған «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» (бұдан әрі - АРАЗ) ағымдағы жылдың басынан бастап 07 шілдеге дейін 8 000 тонна рельс өнімдерін шығарды, оның ішінде 1,3 млрд теңге сомаға 6 500 тонна ішкі нарыққа жөнелтілді, деп хабарлады Қазақстанның даму банкі.
Ақтөбе19 Шілде , 09:37

Бүгінгі таңда АРАЗ өнімдерін сатып алушылардың ішінде «ҚТЖ» ҰК АҚ «Магистраль желісінің дирекциясы» филиалы, «Теміржол жөндеу» ЖШС, «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС,  «Концерн «Найза-Құрылыс» ЖШС, «Теміржол Құрылыс Жоба» ЖШС, «Индастри ЛТД» ЖШС.

Барлығы ағымдағы жылы АРАЗ шамамен 100 000 тонна рельс өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр, оның 70%-дан астамы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қажетіне, 30% - көршілес елдерге экспортқа жеткізіледі. Сонымен, Өзбекстанға жеткізу көлемі 13 000 тоннаны, Тәжікстанға - 5 000 тоннаны, Белоруссияға – 5 000 тоннаны, Грузияға – 4 700 тоннаны, Қырғызстанға – 1 000 тоннаны құрайды.

Ірі сұрыпты бір қалыпта құйылған прокат шығару 2017 жылға жоспарланған. Жалпы, 2018 жылы толық жобалық қуатына шыққаннан кейін зауыт жылына 430 000 тонна прокат шығарады, оның ішінде 200 000 тонна – жоғары жылдамдықты магистральдарға арналған термонығайтылған ұзын өлшемді (120 м) рельстер, 230 000 тонна – құрылыс секторына арналған бір қалыпта құйылған өнімдер.

АРАЗ құрылысы жобасының (бұдан әрі - Жоба) жалпы құны 05.06.2015 ж. №02-0309/15 Мемлекеттік сараптамасының қорытындысына сәйкес 82,707 млрд теңгені құрады, қажетті қаржыландырудың 70% дейін ҚДБ тарапынан ұсынылды, қарыз мерзімі – 20 жылға дейін.

 АРАЗ құрылысы 2013 жылдың сәуірінде басталды. Жоба 2015-2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Жоба аясында 7 шілдедегі жағдай бойынша ҚДБ тарапынан қарастырылған қаржыландыру көлемінің 86,8% жуығы игерілді. Ағымдағы жылдың наурызында құзіретті органдардың шешімімен ҚДБ берешекті АҚШ долларынан теңгеге айырбастау, қарыз мерзімін 15 жылдан 20 жылға дейін арттырудан тұратын Жобаны қаржыландыру талаптарына өзгерістер енгізу мақұлданды.  Нәтижесінде АРАЗ-ның ҚДБ алдындағы 140 542 905,91 АҚШ доллары сомасындағы берешегі ұлттық валютаға айырбасталды.

«Бірегей жоғары технологиялы кешенді басынан бастап салудың барлық кезеңдерін жүзеге асыру мемлекеттің қолдауы мен ҚДБ желісі бойынша ұзақ мерзімді қаржыландырудың арқасында мүмкін болды. Ағымдағы жылы өндіру жоспарланған өнімдердің барлық көлеміне келісім-шарт жасалып қойылған. Жеткізілім географиясын кеңейту мақсатында біз Мәскеу теміржол көлігін ғылыми-зерттеу институтының полигоны базасында АРАЗ рельстеріне қосымша аттестаттау және сынау жүргіземіз. Жобаны ҚДБ тарапынан қаржыландыру талаптарын өзгерту кәсіпорындарға валюта тәуекелдерін нивелирлеуге, сондай-ақ қарыз жүктемесін төмендетуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті АРАЗ бас директоры Андрей Кузьмин.

 




Яндекс.Метрика