Адамзаттық капитал

Астанада «Назар аударыңыз - жаяу жүргінші» акциясы басталды

Астанада жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында шілденің 18-і мен 24-і аралығында «Назар аударыңыз - жаяу жүргінші» кең ауқымды акциясы өткізіледі, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы19 Шілде , 08:53

"Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жаяу жүргіншілердің жолдарды рұқсат етілмеген жерлерден кесіп өтуіне, қиылыстарда, жаяу жүргіншілер өткелінде оларға жол бермеген жүргізушілерге назар аударады. Жыл басынан бері 337 жол-көлік оқиғасының 68-і жаяу жүргіншілердің кінәсінен орын алған. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 12 мыңнан астам жаяу жүргінші, сондай-ақ, оларға жол бермеген 4 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды1, – дейді Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев.

Айта кетейік, елордалық полицейлер «Жарқын бол» акциясын өткізеді. Шара аясында жарық шағылыстырғыш білезіктер таратылады. Жүргізушілер оны таққан жаяу жүргіншілерді көліктің жақын шамымен 50 метр қашықтықтан, ал қозғалыс кезінде көліктің алыс жарық шамымен 150 м қашықтықтан көре алады. Шағылыстырғыш элементтер болмаған жағдайда, жаяу жүргінші көлік шамының жарығымен 30 метр қашықтықтан ғана байқалады. Зертеушілердің мәліметінше, шағылыстырғыш элементтер қараңғы кезде жүргіншілерді қағып кету жағдайын 5-6 есеге төмендетеді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика