Мәдениетті жаңғырту

Астанада түрлі аймақтардан келген 100 дарынды балаға екі апталық білім беру бағдарламасы өткізілуде

Қазақстанның дарынды жастары үшін алғашқы «ЮНЕСКО шығармашылық Академия Клубтары» ұйымдастырылды. Алдын ала байқауда іріктеліп еліміздің әр аймағынан келген 100 бала үшін Астанада екі апталық білім беру бағдарламасы өтуде. Жоба ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Қорымен ЮНЕСКО Қазақстан ұлттық федерация клубы бірлесіп ұйымдастырылған.
Астана қаласы18 Шілде , 19:24

«2009 жылы бізде федерация құрылғанда ол көркемдік мектеп негізінде қаланды. Біз олар үшін көркемдік шығармашылыққа байланысты көшпелі шеберлік-сыныптарын өткіздік. Қазір федерацияда 41 клуб жұмыс істейді. Олардың құрамында музыкалық, хареографиялық, инструментальді ұжымдар бар. Сол үшін біз «ЮНЕКО шығармашылық Академия Клубтары» жобасын ұйымдастыруды ұйғардық. Осылайша жалғасып келе жатқан жобамыз барлық шығармашылықты қамтиды. Басты мақсатымыздың бірі алыс өңірлердегі дарынды жастарды анықтап, олардың өнер саласындағы жетекші оқытушылармен кездестіру, кәсіби шеберліктерін арттыру»,-деді ЮНЕСКО Қазақстан ұлттық федерация клубының президенті Серкан Аязбаев Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұқбатында.

Бағдарламада 12 жастан 17 жасқа дейінгі Қазақстанның 14 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан 500-ден астамқатысушы қамтылды.

Атап өту керек, «ЮНЕКО шығармашылық Академия Клубтарының» ұйымдастырушылары жыл сайынғы негізде жасап отыруды жоспарлауда.  

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика