Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл

Павлодар облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай тарих және әскери даңқ мұражайы ашылды

Павлодар облысының Ішкі істер департаментінде Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай тарих және әскери даңқ мұражайы ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Павлодар18 Шілде , 20:16

Мұражайдың ашылу салтанатына аймақ басшысы Болат Бақауов, Павлодар облысы ІІД-ің бастығы, полиция генерал-майоры Марат Қожаев, ішкі істер органдарының ардагерлері, қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстары  қатысты.

«Аймақ басшысы Тарих және әскери даңқ мұражайына қазақ халқының ХІХ – ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының өмірі мен тұрмысын суреттейтін фотоальбом сыйлады», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде облыстық ІІД-ің басшылығы облыс әкіміне, «Қазақстан алюминийі» АҚ-на мұражайды жаңғыртудан өткізудегі көмектері үшін алғысын білдірді.

Қазіргі таңда мұражайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер халық комитеті мен Ішкі істер министрлігі және Павлодар облысындағы ішкі істер органдарының құрылу мен қалыптасу тарихынан сыр шертетін 1000-нан астам экспонат сақталып тұр.

 




Яндекс.Метрика