«Жыл сайынғы «Жыл таңдауы – Жыл адамы» фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Алматы қаласында өткізілді. Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өткен шарада 2013 жылдың түрлі саладағы үздіктерінің есімдері жарияланды. Олардың қатарында әскери, мәдениет, өнер, бизнес, медицина, спорт және тағы басқа саланың майталмандары бар», - делінген хабарламада.
Генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев 1959 жылғы 9 қарашада Ақтөбе қаласында туған. 1980 жылы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін бітірген, ал 1994 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны тәмамдады.
Әскери қызметін мотоатқыштар полкінде мотоатқыштар взводы командирлігінен бастады. Генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев әр жылдары мотоатқыштар ротасының командирі, штаб бастығы – командирдің орынбасары. Мотоатқыштар батальонының командирі, мотоатқыштар құрамасының командирі лауазымдарында болды.