Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Медициналық сақтандыруды енгізгеннен кейін жалпы тәжірибедегі дәрігерлердің жүктемесін азайту жоспарланған – ҚР ДСӘДМ

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізгеннен кейін (МӘМС) кадр мәселесі шешілетін болады. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде (БМСК), халықты жалпы тәжірибедегі дәрігерлермен қамтамасыз ету түбегейлі ұлғайтылады, ЕАЭО елдерінің стандарттарына дейін. Осы туралы ақпаратты Strategy2050.kz АА Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметі негізінде жазылған материалынан біле аласыздар.
Астана қаласы18 Шілде , 18:21

«МӘМС енгізілуімен медицина қызметінің сапасы әлбетте жақсарады. Ол үшін кешенді шаралар іске асырылады: сапа бойынша Біріккен комиссия құру; сапаны басқару саласында қызметті қайта бөлу; Қор тарапынан көрсетілген қызметтің сараптама міндеттерін күшейту; Қор мен медициналық қызметті жеткізетіндер арасындағы келісім-шартқа сапа көрсеткіштерін қосу және тағы басқалар»,-деп хабарламада айтылған.

Сонымен қатар МӘМС енгізілгеннен кейін кадр мәселесі де шешілетін болады.

«Сөзсіз. Бірінші кезекте айта кететін жайт, стационар деңгейінде ҚР-да кадрларды қамтамасыз ету мәселесі: жан басына шаққандағы осы секторда дәрігерлердің артық саны бар. Емханалардың жағдайы басқаша: кезек мәселесі шынымен бар. Сол себепті бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде, халықты жалпы тәжірибедегі дәрігерлермен қамтамасыз ету түбегейлі ұлғайтылады, ЕАЭО елдерінің стандарттарына дейін. Бұл қол жетімді болуды ұлғайтады, кезек мәселесін төмендетеді, осылайда қабылдаудың сапасына әсерін береді, өйткені дәрігер әрбір емделушіге көңіл бөле алатын болады»,-делінген хабарламада.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика