Евразиялық одақ

Қазақстан мен Ресей елдер арасындағы сауда көлемін арттыруды жоспарлап отыр

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев «Ресей экспорттық орталығы» АҚ Бас директоры Петр Фрадковпен кезедсу өткізді.
Астана қаласы18 Шілде , 16:52

Петр Фрадков Ресей экспорттық орталығының ашылуын әңгімеледі және Астана қаласында оның өкілеттілігінің ашылуын айтып өтті. Ол екі ел арасындағы сауда көлемін арттыруға септік болады, деп ҚР ҰЭМ хабарлайды.

Өз кезегінде Қ. Бишімбаев Қазақстан үшін Ресей ірі сауда серіктесі болып табылатындығын айтты және Еуразиялық экономикалық одақта қатысу екі ел үшін қосымша негіз болатындығын және ЕАЭО аясында бірлескен мүмкіндіктерді тиімді жүзеге асыруға ықпал ететіндігін айтып өтті.

Естерінізге сала кетейік, «Ресей экспорттық орталығы» АҚ «Внешэкономбанк» құрылымында 2015 жылдың сәуір айында мамандандырылған ұйым ретінде ресми түрде тіркелді және ол қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының саласында экспорттаушыларға жұмыс істеу үшін «бір терезені» білдірді. 




Яндекс.Метрика