Өңірлер

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 4,4%-ға көбейді - ҰЭМ

2015 жылы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 2 861,1 млрд. теңгені құрап, 2014 жылға қарағанда 4,4%-ға көбейді, деп хабарлады ҰЭМ Статистика комитеті.
Казахстан18 Шілде , 15:56

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде едәуір (34,2%) үлес салмағының көлемін 988,0 млрд. теңгені құраған өнеркәсіп объектілерінің құрылысы бойынша жұмыстар алды.

2015 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 8,9 млн. шаршы метр. Жеке құрылыс салушылар 4,4 млн. шаршы метр салды.

2015 жылы білім беру және денсаулық сақтау саласында 52414 оқушы орнына арналған 114 жалпы білім беретін мектеп, 19120 орынға арналған 121 мектепке дейінгі ұйым, 1300 тесек-орыңдық 6 аурухана және ауысымында 5185 келушіге арналған 71 амбулаториялық-емханалық ұйым пайдалануға берілді.

 

 




Яндекс.Метрика