Экология

ОҚО-ның Қызылқөл өзенінің жағалауында тұрғындар экологиялық сенбілік өткізді

Кешегі демалыс күндері қайта тола бастаған Қызылкөлде сенбілік өтті. Көпшіліктің есінде болар, оншақты жылдың көлемі болды, Созақ ауданы Құмкент ауылына қарасты Қызылкөлдің суы тартылып, сәні кете бастаған, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область18 Шілде , 15:17

Биыл жауын шашын мол түсіп, көл суы 80 пайыздан астамға толды. Алайда, қараусыз қалған көл бойын балдыр басып, көпшіліктің суға түсуіне қолайсыздық тудыратын. 

Осыны ескерген аудан әкімі М.Исаев сенбілік өткізу туралы бастама көтерді. Шолаққорған, Құмкент ауылдары мен Қызылкөл елді мекеніндегі мекеме қызметкерлері, сонымен қатар, еріктілерден жиналған 200-ге тарта адам көл бойын тазалады.

Нәтижесінде, Қызылкөл маңындағы бірнеше шақырым жағалаудың балдыры тазаланып, 10 ауыр көлік машинасымен көл бойы қоқыстан тазарды. 

Айта кету керек, емдік қасиеті мол Қызылкөл облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарамасына қарайды.

 




Яндекс.Метрика