Мәдениетті жаңғырту

Астанада Қазақстандағы алғашқы Шығармашылық академия өтіп жатыр

10-24 шілде аралығында Астанада елімізде тұңғыш рет ЮНЕСКО Клубтары шығармашылығының Академиясы өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы18 Шілде , 14:53

Бірегей жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясының, ҚР Тұңғыш Президенті қорының және Қазақ Ұлттық өнер университеті нің бастамасымен өткізілмек.

Жоба жастарды толеранттық рухта тәрбиелеу және мемлекеттің болашақ шығармашылық әлеуетін қалыптастыру мақсатында шығармашыл-дарынды өскелең ұрпақты қолдау мен дамытуға бағытталған.

Қазақстанның 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан 12-17 жас аралығындағы 100 үздік студент екі апта бойы білім беру бағдарламасынан өтеді. Жобаға көркемдік, музыкалық, хореографиялық, вокалдық өнер номинациялары бойынша алдын ала іріктеуден өткен 500-ден астам үміткер қатысады.

Өнер саласындағы жетекші мамандармен кәсіби сабақтардан басқа, бағдарламаға «әлем мәдениеті» мен жаһандық азаматтықты қалыптастыратын, көшбасшылық әлеуетті дамыту бойынша тренингтер мен шеберлік-сыныптар енгізілді. 

 




Яндекс.Метрика