Білім мен кәсіби машық

Қазақстан WorldSkills халықаралық ұйымына өту шараларын қолға алуда – БҒМ

Әлемдік дәрежедегі кадрларды дайындау үшін Қазақстанның WorldSkills халықаралық ұйымына ену шараларын қолға алу керек, деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев «Кәсіби білім және кәсіпкерлік: әріптестік диалогы» атты V халықаралық форум барысында.
Астана қаласы28 Қараша , 12:40

«Оқу орындары мен кәсіпкерліктердегі мамандардың біліктілігін бағалаудың объективтілігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін біліктілік арттыру және сертификатталған мамандардың мәлімет базасын енгізетін республикалық органын құру керек. Кәсіптік қызметтердегі қатынастарды реттеу және қоғамның біліктілігк деңгейін арттыру бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдарын анықтау үшін «Кәсіби біліктілік туралы» ҚР Заңын шығару керек», - деді Иманғалиев.

Оның айтуынша, кәсіпкерлікті күшейту координациясының алдыңғы қатарлы формасы, білім беру мен ҮИИД үшін мамандарды дайындауда оқу орындары мен экономиканың нақты секторларының кәсіби-білім беру кластерін құру керек.

«Кадр дайындау басқармасы жүйесінің толық аяқталуы үшін әр колледж деңгейінде индустриалды кеңес құру керек. Индустриалды кеңес құрамына HR-бөлімдерінің қызметкерлері мен оқу орындары мен кәсіпкерліктің техникалық мамандары ену керек», - деді вице-министр.

Иманғалиевтің мәліметінше, индустриалды кеңестер мамандарды дайындау, бағдарлама мазмұнын жаңарту, салалармен байланыс құру және де түлектерді жұмыспен қамту секілді жұмыс берушілердің тапсырмасын орындауға қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Кәсіби білім беру және кәсіпкерлік: әріптестік диалогы атты V халықаралық форум өтуде.

Форум Қазақстан экономикасын білікті мамандармен қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелерді талқылау мақсатындағы халықаралық деңгейдегі іскерлік алаңның жыл сайынғы шарасы болып табылады.




Яндекс.Метрика