EXPO-2017

ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында Астанада физика бойынша халықаралық ғылыми конференция өтуде

Астанада ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесіне дайындық бағытында физика бойынша «Heavy-Ion Inertial Fusion HIF 2016» XXI халықаралық ғылыми конференция өтуде.
Астана қаласы 18 Шілде, 14:31

«Аталмыш конференция инерциялды термоядролық синтезді энергияны дамытудың жаңа бағыттарын зерттеу мәселелері блойынша жұмыс істеуде. Ғалымдар 40 жылға жуық жұмыс істеп келе жатса да, ол әлі де жаңа әрі өзекті бағыт болып келеді. Біз қарапайым атом электростанциядан әлдеқайда қауіпсіз болатын ядролық атом станциясының жаңа формасын жасағымыз келеді. Және біз оны айтарлықтай қымбат болмайды, деп үміттенеміз»,-деді Назарбаев университетінің президенті Шиего Катсу конференцияның ашылуында.

Оның айтуынша, бұл мақсатқа Жапония, Қытай, АҚШ және Қазақстан осы бір елеусіз жатқан бірқатар мәселелерді жеделдетіп шешу үшін барлығы бірге жұмыс істеп жатыр.

«Біз бұл жаңа форматтағы  алғашқы ядролық станцияның жүзеге асатынын білмейміз. Дегенмен, менің ойымша, ғалымдар мен оған атсалысушылардың белсенділігіне қарағанда бұл күнге де жақындап қалған сияқтымыз. Тіпті бұған жеке бизнес саласы да атсалысып жатыр. Өйткені олар үлкен әлеуетті көріп отыр. Осылайша, бұл бізге аталмыш мәселенің екінші бөлігін қарау құқығын береді. Ол ЭКСПО-2017 көрмесімен өзара байланыс. ЭКСПО-ң тақырыбы болашақтың энергиясы. Онда «жасыл» технологиялар мен баламалы энергетика және аталмыш технология үміткерлердің бірі болады. Қазақстан бұл бағытта белсенді атсалысушы және осы үдерісте көшбасшылардың бірі болады»,-деп түсіндірді ол.

Атап өту керек, «Heavy-Ion Inertial Fusion» конференциясы екі жылда бір өтеді. Бұл саланың ғалымдары мен мамандары зерттеу нәтижелерін талқылап, тәжірибе алмасады және өзекті мәселелерді талқылау үшін жиналады.  

Анар Тәңірқұлова

Фото Азамат Алиевтікі





Яндекс.Метрика