Білім беру

600 жамбылдық «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін-2050» жобасы аясында ЖОО-да білім алуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының басшысы Есеев Саясат «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін-2050» жобасы жастар арасында белең алғанын айтты.
Жамбыл 18 Шілде, 12:49

С.Керімбекұлының айтуынша, «Мәңгілік ел жастары индустрияға» - «Серпін - 2050» жобасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік жобалардың бірі.  Жоба аясында еліміздің   оңтүстік өңірлерінің жастары, өндіріс орындары дамыған, жұмысшы  күшіне қажеттілік қалыптасып отырған солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде  тегін білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

Жоба биыл 3-ші  жыл жүзеге асырылғалы отыр.  Жыл сайын жобаға қатысатын оқу орындарының желісі артып келеді. 2014 жылы 25 колледж,  7 жоғарғы оқу орны болса, 2015 жылы 33 колледж, 19  жоғарғы оқу орнын құрады. Биылғы жылы 30 колледжге 1050 мемлекеттік білім беру тапсырысы, 24 жоғарғы оқу орындарына 3162 мемлекеттік гранты бөлініп отыр.

«Жамбыл облысынан соңғы 2 жылда жоба аясында оқуға қабылданған 615  белсенді жастарымыз (2014 жылы - 172, 2015 жылы – 443), бүгінде Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Батыс, Шығыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында білім алуда. 615 білімгердің 443-і жоғарғы оқу орындарында, 172-і техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алуда. Жоба аясында  жоғарғы оқу орындарына түскен білімгерлер шәкіртақымен, өңірлерге бір рет барып-қайту жолақысымен және жатақханамен, колледжге түскен білімгерлерге  аталған жеңілдіктерге қосымша үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілуде”, - деді ол.

Жобаға қатысушы өңірлердің өкілдерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтынан, Жамбыл политехникалық колледжінен арнайы кабинеттер бөлініп, жарнамалық баннерлер мен  плакаттарды орналастыру үшін орындар қарастырылды. Кабинеттер интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталды. Тараз қаласында жоғарыда аталған жоғарғы оқу орындарының базасында жобаға қатысу үшін конкурстық құжаттар үстіміздегі жылдың 23-31 шілде аралығында қабылданады.

 





Яндекс.Метрика