Болашақтың біртұтас ұлты

20 жылда ҚХА халық дипломатиясы институты болып өзгерді - сарапшы

Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаннан бері дамудың ұзақ жолдарынан өтті. Осылайша, халық дипломатиясы институты болып өзгерді, деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының директоры Любовь Ни Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұқбатында.
Астана қаласы18 Шілде , 11:37

«Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаннан бері дамудың ұзақ жолдарынан өтті. Осы уақыт аралығында үлкен интелектуалдық және шоғырландыру әлеуетін жинап, халық дипломатиясы институты болып өзгерді. Қазақстан халқы Ассамблеясының мерей тойлық 20 жылында қазақстандық біртектілік, қазақстандық жаңа патриотизм сияқты бірқатар жалпыұлттық жобалар сәтті жүзеге асты. Солардың қатарында 35 мың адамға көмек көрсетілген «ҚХА – 20 қайырымды іс» әлеуметтік республикалық акциясы, 2016 жылы «Мейірімділік керуені» атты дәстүрлі акция да өз жалғасын тапты. 50 мың адамға медициналық көмек көрсеткен «Менің Қазақстаным» Пойызы» акциясы; онкологиялық және лейкоз және басқа да қан ауруларымен ауыратын балаларды қолдауға арналған «Асар» республикалық акциясы да сәтті жүзеге асты»,-деді Л.Ни.

Бұдан бөлек, Қазақ хандығынығ 550-жылдығына орай, Қазақстан территориясының 20 мың шақырымын аралап, 50 мың адамның қатысуымен 350 іс-шара ұйымдастырылған, «Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экпедиция өтті.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқоршылығымен донорлар мен қайырымдылық ұйымдарының Съезі өтті. Осы жұмыстардың нәтижесінде ҚХА барлық қайырымдылық іс-шараларының орталығы болды. ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ базасында ашылған Ассамблеяның медиация Орталығы сәтті жұмыс істеуде», деп атап өтті Л. Ни.

Оның айтуынша, ҚХА Ұлт жоспары бағытындағы «Бірлік пен бірдейлік» жобаларын жүзеге асыруға, жалпыұлттық патриоттық идеяны қалыптастыруға қозғау салатын «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруға барын салып келеді.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика