Халықаралық интеграция

Қазақстанның Армениядағы елшісі өңірдің өнеркәсіп әлеуетімен танысты

Қазақстанның Армениядағы елшісі Тимур Оразаев Арарат облысына жұмыс сапарымен барды, ол болашақта Қазақстанмен бірлесіп жобаларды жүзеге асыру мақсатында өңірдің өнеркәсіп әлеуетімен танысты.
Әлемде18 Шілде , 10:51

Қазақстан Елшісі осы облыстың губернаторы Рубик Абраамянды еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, Қазақстанның халықаралық бастамаларымен және бағдарламалы құжаттарымен толық таныстырды, соның ішінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Әлем. XXI ғасыр» манифесі туралы нақты талқылады.

Т. Оразаев пен Р. Абраамян екі тараптың сауда әлеуетін жандандыруға біріге жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқталып, бұған қоса ортақ ынтамақтастық дамыту барысында жаңа зерделеу   тәсілдемелерін іздеп, практика жүзінде жұмыс жүргізудің қажеттігін атап өтті.

Осы аймақтың аграрлық бағдарын ескере отыра, тараптар келешектегі ынтымақтастықты жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу және олардың консервіленген дайын өнімдерінің біріккен өнеркәсібін құруды талқылады. Бұл бағытта Қазақстан Елшісі Арменияның белгілі жеміс-көкөніс өнімдерін шығаратын ОАО «Артфуд» өнеркәсіп орнын көрді. Осы кәсіпорынның басшылығымен кездесу барысында армян тарапының өнімдерін еліміздің аумағына дайын өнім ретінде жеткізудің ұтымды жолдарын талқылап, сонымен қатар Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің шикізаттарын өндірудің жұмыстарын жолға қою туралы пікір алмасты.   

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика