Үкімет

ҚР Үкіметі 2013-2015 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджетті іске асыру бойынша Қаулыны қабылдады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен отырыста 2013-2015 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджетті іске асыру туралы Қаулы қабылданды, деп Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлады.
Астана қаласы28 Қараша , 12:30

«Бюджет қаражатын жұмсаудың артықшылықтарын анықтайтын Қаулы жобасы бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев баяндама жасады», - делінген хабарламада.

Бұл құжатпен «бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталған 2013 жылғы бюджетке енгізілген өзгерістер орындауға қабылданғанын» атап өтіп, министр оның нақтыланған параметрлеріне тоқталды.

Министр хабарлағандай, «2013 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері 5 242,5 млрд. теңге көлемінде немесе ағымдағы бюджетпен (5 228,4 млрд. теңге) салыстырғанда 14,4 млрд. теңгеге өсумен айқындалды. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері бекітілген 1 380 млрд. теңге деңгейінде сақталады. Республикалық бюджет шығыстары ағымдағы бюджетпен салыстырғанда 65,6 млрд. теңгеге төмендей отырып, 6 033,4 млрд. теңге сомасында көзделіп отыр».

Е.Досаевтың айтуынша, құжат «Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес қалыптастырылды, ол жергілікті атқарушы органдарға берілетін нысаналы трансферттердің сомалары, 2013-2015 жылдарға арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі және 2013 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалар тізбесі бойынша нақтылау кезінде жүргізілген өзгерістерді қамтиды». Бұдан өзге, онда «жобада бюджет қаражатын игеруді жақсарту мақсатында бағдарламалар мен кіші бағдарламалар ішінде бұрын жүргізілген қайта бөлулер ескерілді».

Үкімет басшысы республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдеріне бюджет қаражаттарын уақытылы игеру бойынша қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етуді тапсырды. Республикалық бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне заңнамамен бекітілген тәртіпте  қалыптастырылған түзетілген стратегиялық жоспарларды Үкіметке енгізуді қамтамасыз ету қажет.

Үкімет басшысы мемлекеттік органдар басшыларының, министрлердің, облыс әкімдерінің назарын «2013 жылдың бюджетін сөзсіз орындауға» аудартып, «2013 жылдың бюджетін игеру қортындысы бойынша сәйкес шешімдер, оның ішінде жазалар бойынша шешімдер қабылданатынын» басып айтты.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика