Адамзаттық капитал

Қызылорда облысында 61 мыңнан астам тұрғын 800 млн теңгенің әлеуметтік көмегіне ие болды

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Делмұханов Марат Нұрсайынұлы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг өткізді.
Қызылорда18 Шілде , 09:48

Брифингте басқарма басшысы ағымдағы жылдың  І жартыжылдығында басқармамен атқарылған жұмыстарды әр бағыт бойынша баяндап берді. Сонымен қатар саладағы жағымды жаңалықтарға ерекше тоқталды.

Жыл басынан бері 61 мыңнан астам аз қамтамасыз етілген азаматтарға 800 млн. теңгеге жуық әлеуметтік көмектер мен балалар жәрдемақысы төленді.

Биылғы жылдан бастап шартты ақшалай көмек көрсету пилоттық жобасы барлық аудандар мен Қызылорда қаласында жүзеге асырылуда, Нәтижесінде, көмек алған отбасылардың жан басына шаққандағы табыстары 2 есеге ұлғайды.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қайырымдылық көмек көрсету аясы 4,5 есеге артты.

2013 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға  білім беру қызметіне ақы төлеу үшін бөлінетін облыс әкімінің гранты  500 - ге жеткізілді.

2016-2017 жылдарға арналған облысымыздың барлық саласы бойынша мүгедектерге көрсетілетін қолдаудың іс-шаралары толығымен қамтылған Жол картасы бекітіліп, тиісті шаралар атқарылуда.

Әлеуметтік таксидің қызмет көрсету аясы кеңейтіліп, Қызылорда қаласында бүйрек ауруларына (диалез) ұшыраған және 1 топ көз мүгедектеріне 2 көлік қызмет жасауда.  

Талсуат елді мекеніндегі 300 орындық психоневрологиялық интернат үйі жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.  

Қызылорда қаласынан жаза өтеу орындарынан босатылған тұлғалар үшін әлеуметтік бейімдеу орталығы осы шілде айында ашылып, жұмысын бастады.  

Жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан  18 мың адамның, 6 мыңнан астамы жұмыспен қамтылды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы 4 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылып,300-ге жуық адам шағын несие алуға қол жеткізді. 

 




Яндекс.Метрика