Экология

Павлодарда «Қаз қонақ» табиғи ескерткішінің аумағы реттелді

Павлодарда қала күні қарсаңында абаттандырылған "Қаз қонақ" табиғи ескерткіші таныстырылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Павлодар18 Шілде , 09:34

"Қаз қонақ" табиғи ескерткішін абаттандыру жұмыстары мамыр айында бұл жерге Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов келіп-кеткен соң басталған болатын. Сонда әкім табиғи ескерткіштің Қала күніне дейін абаттандырылуы тиіс деп тапсырған болатын. Содан бері бар-жоғы екі-ақ ай өтті, ал ескерткіш аумағында жаяу жүргінші жолы абаттандырылған, 1000 метр қоршау қойылған, қосымша жарық берілген, сондай-ақ Ертіс өзеніне кететін суағар жасалды.онымен қатар, бұл жердегі көгал, ағаштар ретке келтірілді, суару жүйесі өткізілді және табиғи ескерткіштің тарихы көрсетілген ақпараттық тақта орнатылды. "Қаз қонақ" табиғи ескерткішіндегі «Жасыл Ел» жасағының сарбаздары және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының  палеонтологиялық жасағының студенттері атқарған барлық жұмыс демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылды.    

«Бұған дейін "Қаз қонақ" табиғи ескерткішінің аумағы тек сенбілік ұйымдастырылғанда ғана ретке келтірілетін, - деді Павлодар география үйінің басшысы Александр Вервекин. «Қоғамшылдар бұл табиғи ескерткішті абаттандыру мәселесін сан рет көтергеніне қарамастан іс алға жылжымаған болатын. Бүгін бұл мәселеде сөзден іске көшкеніміз» - ілгері үлкен қадам жасағанымыз.     

Айта кететіні, "Қаз қонақ" табиғи ескерткіші аумағында атқарылған жұмыс осымен тәмам емес. Табиғи ескерткішке келген Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов табиғи ескерткішті абаттандыру жұмыстары жалғасын тауып, соңына дейін жеткізілетінін атап айтты.

 




Яндекс.Метрика