Халықаралық интеграция

Астанада Берлин Еуразиялық Клубының 17-ші отырысы өтті

2016 жылғы 15 шілдеде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының жанындағы Дүниежүзілік экономика және саясат институтында «Еуразиялық экономикалық одақ және Еуропалық Одақ – жақындасу жолдары» тақырыбында Берлин Еуразиялық Клубының 17-ші отырысы өтті.
Астана қаласы16 Шілде , 15:54

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының қоғамдық-саяси, іскерлік және сарапшы топтардың белгілі өкілдері, соның ішінде германдық тараптан – Герман экономикасы шығыс комитетінің басқарушы директоры Михаэль Хармс, аймақтық директоры Эдуард Кинсбрунер, ҚР-дағы ГФР-ның Тұрақты өкілі Джонни Крамер, Герман экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы Йорг Хетч, Deutsche Bank өкілдігінің басшысы, ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі Ульф Вокурка және т.б., қазақстандық тараптан – ҚР Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Альберт Рау, ҚР-ның ГФР-дағы Елшісі Болат Нүсіпов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Дүниежүзілік экономика және саясат институтының директоры Сұлтан Әкімбеков, ҚР ҰЭМ Халықаралық экономикалық интеграция департаментінің директоры Ернар Бәкенов және т.б. қатысты.

Өзінің алғы сөзінде Б. Нүсіпов ҚР мен ГФР арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін, сондай-ақ ү.ж. 31 мамырда Астанада өткен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің мәжілісі барысында Мемлекет басшысының үстіміздегі жылы ЕАЭО-тың үшінші мемлекеттермен және негізгі интеграциялық бірлестіктерімен экономикалық қарым-қатынастарды нығайту жылы мәнмәтініде атап өткен Қазақстанның ЕАЭО-дағы төрағалығының негізгі басымдылықтарын белгіледі.

Негізгі баяндамашылар ретінде қазақстандық тараптан А. Рау, С. Әкімбеков және Е. Бәкенов сөз сөйлеп, ЕАЭО мен ЕО арасында түрлі салалық бағыттары бойынша экономикалық ынтымақтастықты ұлғайтудың үдемелі мүмкіндіктері туралы баяндады және Қазақстан мен Германия арасындағы жемісті өзара әрекеттесудің жеке мысалдарының негізінде ГФР-ның экономикалық ұйымдарын және неміс іскерлік топтарын Германияның Еуроодақтағы жетекші рөлінің мәнмәтінінде екі интеграциялық бірлестіктерінің экономикалық мүдделерінің жақындасуына болысуға шақырды. Өз кезегінде, неміс баяндамашылары М. Хармс, Э. Кинсбрунер, Й. Хетч және У. Вокурка кездесуге қатысушыларды Қазақстандағы неміс экономикасы көзқарасынан екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарының өзекті дамуы туралы хабарландырып, оларды ЕАЭО мен ЕО форматында кеңейтудің елеулі мүмкіндіктеріне назарларын аударды. Бұл мәнмәтінде неміс тарапы Герман экономикасының шығыс комитеті жылсайын Берлинде ұйымдастыратын Шығыс пен Батыс арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және жандандыру үшін сенімді негіз болып отырған «East-Forum» халықаралық экономикалық форумға назарын аударды.

Тараптардың жалпы пікірлері бойынша, Қазақстан аймақтағы талассыз жетекші және интеграциялық үдерістерге белсенді қатысушы болып отырып, келешекте Лиссабоннан Владивостокқа дейін Еркін сауда зонасын құру мақсатында ЕАЭО мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту және нығайтуда сенімді және тиімді байланыстырып тұратын буын болу үшін барлық қажетті алғышарттарға ие.

Астанада болу кезінде М. Хармс басқарған Герман экономикасының шығыс комитетінің делегациясы ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Инвестициялар және даму министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, сондай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ АҚ-ның, «Атамекен» ҰКП-ның және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ-ның басшылығымен кездесулер өткізіп, кездесулер барысында қазақстан-герман екіжақты қарым-қатынастарының одан әрі дамуы мәселелерін, сондай-ақ күн тәртібінде тұрған өзекті экономикалық жобаларды талқылады.

Анықтама: Берлин Еуразиялық Клубы (БЕК) 2012 жылы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Еуразияшылдық бастамасы мен «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында ҚР мен ГФР арасындағы қоғамдық-саяси мәселелердің кең спектрін талқылау үшін пікір алмасу алаңы ретінде құрылған. Клуб Қазақстанның Еуропадағы осындай жобаларының бірінші нұсқасы болып табылады және жаңа мүмкіндіктерді зерттеуге, еуропалық және азиялық мәдениеттері арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған. Бүгінгі күнге дейін Клубтың он алты отырысы өткізілді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика