Өңірлер

Соңғы 3 жылда 7 мыңнан астам қызылордалық отбасы тұрғын үйге қол жеткізді

Соңғы 3 жылда Қызылорда қаласында жалпы ауданы 265 мың шаршы метрді құрайтын 3 502 пәтерлік 82 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.
Қызылорда16 Шілде , 15:17

Облыстық ішкі саясаттан хабарлағандай, биыл 3254 пәтерлік 67 көпқабатты тұрғын үй  салынуда. Бұрындары қаланың батыс бөлігіндегі «Мерей», «Ақмешіт» секілді ықшам аудандар 6-7 жылдан астам уақытта тұрғызылса, бүгінде 1-2 жылда мұндай көлемдегі ықшам аудандардың бірнешеуі бой көтеруде. Осылайша соңғы 3 жылда 7 мыңға жуық отбасы немесе ол 30 мыңнан астам адам баспаналы болды. 

Биыл сондай-ақ тұрғын үйлер кварталының жобасы мен сыртқы инженерлік желілерінің құрылыс жұмысына Ұлттық қордан 1,5 млрд. теңге бөлініп, 33,2 шақырым сыртқы инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде. Бұл жобаларды жүзеге асыру барысында 7 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылуда. 

Қызылорда қаласының тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға тартылған инвестиция көлемі 25 млрд. теңгені құрады.




Яндекс.Метрика