Халықаралық интеграция

Ұлыбританияда қазақстандық бітімгершілердің қатысуымен «Дала қыраны-2016» оқу-жаттығуының екінші кезеңі басталды

Ұлыбританияда «Дала қыраны-2016» халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуының екінші кезеңі басталды. Осы жолы ауқымды бірлескен жаттығу мен тәжірибе алмасу орны «Станта» оқу-жаттығу орталығы болды.
Әлемде 16 Шілде, 14:46

Оқу-жаттығуға сондай-ақ, Ұлыбритания, АҚШ, Тәжікстан мен Қырғызстан әскери қызметшілері қатысады. 270 әскери қызметші санындағы еліміздің Қарулы Күштерінің контингенті қазақстандық «Қазбриг» бітімгершілік бригадасымен ұсыңылған. «Дала қыраны» оқу-жаттығуының екінші кезеңіне қойылған негізгі міндеттер бейбітшілікті сақтау, жүктерді айдауылдау, бақылау-өткізу пункттерінде жұмыс жасау бойынша операцияның барлық аспектілерін пысықтаудан тұрады. «Дала қыраны - 2016» оқу-жаттығуының бірінші кезеңі Қазақстанда өткенін естеріңізге сала кетейік. «Іле» полигонында біздің бітімгершілер АҚШ және Ұлыбритания Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерімен бірлесіп рота жеке құрамын басқару, күшті, тактикалық байланысты қолдану, инженерлік-саперлік топтың іс-қимылдары, тактикалық медициналық көмек көрсету және көшіру бойынша мәселелерді пысықтады. Бүгінгі таңда «Дала қыраны» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуы Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік әлеуетін дамытудың пәрменді құралы болып табылатынын атап өту қажет. «Бейбітшілік үшін серіктестік» оқу-жаттығу орталығының базасында жүргізіліп жатқан бітімгершілік даярлықты толықтыра отырып, сондай-ақ, АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Германия, Франциямен екіжақты әскери ынтымақтастық шеңберінде оқу-жаттығу қазақстандық бітімгершілердің кәсібилігін сапалы арттыруға мүмкіндік береді. «Дала қыраны» 2003 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. 2013 жылдан бастап оқу-жаттығуға АҚШ, Ұлыбритания, Ауғанстан, Франция, Қырғызстан, Непал, Тәжікстан мен Түркияның әскери қызметшілері қатысты.





Яндекс.Метрика