Инвестициялар

Ақмола облысында құны 274,3 млрд. теңгені құрайтын байыту фабрикасы салынады

Ақмола облысында жылына 1,5 млн тонна жоғары маркалы сымның сұрпын шығаратын байыту фабрикасы салынады, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Ақмола 16 Шілде, 13:19

«Масаль темір рудасын өндіретін кен орыны» жобасын жүзеге асыру туралы «Масальский ГОК» ЖШС-мен құны 274,3 млрд теңге болатын меморандумға қол қойылды. Меморандумға "Ақмола облысының өнеркәсіптік әлеуеті" атты аймақтық форум-кеңесте қол жеткізілді.

Аталмыш жоба Қазақстанның металлургиялық саласындағы ірі жобалардың бірі болып табылады. Комбинатта жылына 1,5 млн тонна түрлі жоғары маркалы сұрыпты сым шығару жоспарлануда.  Жоба карьерді дайындау, темір рудасын өңдейтін байыту фабрикасының құрылысын, алдағы уақытта металдандырылған өнімдерді шығару жұмыстарын өзі атқаратын болады. Жоба аясында 5 мың жаңа жұмыс орыны ашылады, деп жоспарланған. Оның 3 мыңы тау кен байыту және 1,5-2 мыңы металлургиялық кобинатта жұмыс істейтін болады. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика