Өңірлер

Ақтөбе облысында Кәсіпкерлікті қорғаудың жол картасы жұмыс істейтін болады

"Кедергісіз кәсіпкерлік" форумы барысында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының прокуратурасы және Аймақтық кәсіпкерлер палатасымен Картаны жүзеге асыруда өзара әрекет ету жөнінде меморандумға қол қойды.
Ақтөбе 16 Шілде, 12:37

Форум Ақтөбе облысының прокуратурада облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың, ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжановтың, барлық мемлекеттік бақылау-қадағалау және өзге құзырлы органдардың, Ақтөбе облысы кәсіпкерлері палатасының жетекшілері мен облыстың бизнес қауымдастығы мүшелерінің қатысуларымен өткен болатын.

Шара барысында кәсіпкерлік саласындағы, соның ішінде Кедендік одақ аясындағы ауыл шаруашылығы, құрылыс, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, салықтық басқару саласындағы мәселелер қаралды.

Ел прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов бизнестегі кедергілерді азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айта келе, бүгінгі таңда 61 мемлекеттік органның 17 мың құқықтық актілердің талаптарын сақтау бойынша тексерулер жүргізетінін жеткізді. Осыған байланыс Бас прокуратура бірқатар функцияларды өзін-өзі реттеуге тапсыру мүмкіндіктерін зерттеп жатыр. 

- Ел президенті кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударып келеді. Біздің облыста тіркелген 130 мың кәсіпкерлік қызмет субъектісі облыстағы белсенді халықтың 32 %-ын құрайды. Мемлекет өз тарапынан кәсіпкерлерге түрлі қолдау танытып келеді. Әсіресе жұмыссыздыққа жол бермеу мақсатында жұмыс орындарын ашып жатыр, - деді Бердібек Сапарбаев.

Әкім өңірде 200 гектар алқапта индустриалды аумақ бар екенін, онда инновацияық және болашағы бар жобаларды жүзеге асыру үшін барлық жағдай қарастырылғанын еске салды.

Форумның негізгі мақсаты Кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік жол картасымен таныстыру еді, бұл құжат қолайлы инвестициялық климат құруға, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығы мен кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға, әкімшілік кедергілерді болдырмауға бағытталған. 

Картаның көмегімен өңірдегі кәсіпкерліктің даму жағдайын, шағын және орта бизнестің дамуына кедергі болатын себептер мен жағдайларды анықтауға, ауыл шаруашылығы, құрылыс, салық салу және сыртқы экономикалық қызметтегі мәселелерді айқындап, оларды шешу жолдарын іздестіруге болады.

Облыс жетекшілігі Картаны жүзеге асыруға мейлінше көмектесуге уәде берді.

Шара соңында Картаны жүзеге асыруға жауапты органдар ынтымақтастық және өзара түсінушілік жөнінде меморандумға қол қойылды. 





Яндекс.Метрика