Жаңа қазақстандық патриотизм

Көкшетауда Тұңғыш Президент Күні тутұғыр ашылады

Көкшетауда ҚР Тұңғыш Президенті Күні Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметовтың қатысуымен тутұғырдың ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақмола28 Қараша , 12:30

«30 метрлік тутұғыр облыс орталығында орнатылған. Барлық композиция монумент түрінде салынып, Қазақстанның қалыптасу тарихынан хабар беретін төрт бөлікті қамтиды», - делінген хабарламада.

Салтанатты ашылу шарасын қаланың өнер ұжымы тарапынан дайындалған театрландырылған көрініс жалғастырады.

Айта кету керек, композицияның авторы Астана суретшілер кеңесінің директоры, ҚР суретшілер кеңесінің мүшесі Игорь Гайденко.




Яндекс.Метрика