Инвестициялар

Ақмола облысында жалпы соммасы 1 трлн. теңгені құрайтын 10 меморандумға қол қойылды

Көкшетауда "Ақмола облысының өнеркәсіптік әлеуеті" атты аймақтық форум-кеңесінің қортындысы бойынша жалпы соммасы 1 трлн. теңгені құрайтын 10 меморандумға қол қойылды, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Ақмола 16 Шілде, 11:03

Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкімі С.В. Кулагиннің төрағалығымен "Ақмола облысының өнеркәсіптік әлеуеті" атты аймақтық форум-кеңес өтті. Шараға облыстың өнеркәсіп саласының басшылары, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен холдинг өкілдері қатысты. Жиналыста индустриалдық сектор саласының жұмысы қорытындыланып, өндірістік әлеуетті пайдалану, өндірісаралық кооперация, жергілікті қамту мен қызмет көрсетуші кәсіпорындарды дамыту, мемлекеттік-жеке әріптестік, индустриялық қызметтің әлеуметтік аспектілері тақырыптары талқыланды.

Форум қорытындысы бойынша «Күн электр станциясының, жылыжай, балық шаруашылығы, қоян фермасының құрылысы»,

«Масаль кен орнында темір кенін өндіру және өңдеу», «Бройлер өсіру бойынша құс фабрикасының құрылысы»,

«Целиноград ауданының Фарфоровый селосында салынатын трактор зауытының құрылысы»,

«Техногендік минералды түзінділерді өңдеу бойынша жаңа фабриканың құрылысы»,

«Мал өңдеу кешені» және «1000 басқа арналған жаңа сүтті-тауарлы ферманың құрылысы» сияқты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы 1 трлн. теңге соммасын құрайтын 10 меморандумға қол қойылды.  





Яндекс.Метрика