Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл

Тәуелсіздігінің 25 жылында жеткен Қазақстанның жетістігі Сингапурде көрсетілді

Сингапурдегі Темасек политехникалық институтында жаһандық бірдейлік Күні өтті. Оған жастар ұйымдары, студенттер, сонымен қатар, Сингапурда тіркелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, соның ішінде Қазақстан елшілігінің өкілдері қатысты.
Әлемде16 Шілде , 10:34

Қазақстандық секция «Қазақстан – Ұлы дала елі» деген атпен таныстырылды. Қазақстанның Сингапурдегі елшісі Үсен Сүлейменов қонақтарға Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылында жеткен орасан зор жетістіктерін айтып берді. Солардың қатарында «Қазақстан  - 2050» Стратегиялық жоспары, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Нұрлы жол» сияқты экономикалық реформа бағдарламаларына айрықша тоқталды, деп хабарлады ҚР СІМ.

Елші аудиторияның назарын Қазақстанның сыртқы саясаттағы бастамаларына аударды. Соның ішінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесінің маңыздылығына ерекше тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайланғанын, Астанада «ЭКСПО-2017» мамандандырылған Халықаралық көрмесінің өтетіні туралы да баяндап өтті.

Іс-шара барысында сингапурлық аудиторияға «Қазақстан – Ұлы дала елі» жаңа цифрлы қосымшаны таныстырды. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика