Басқару

ҚР Президенті мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі түзетулерге қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Астана қаласы15 Шілде , 19:54

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.   Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 
(бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

2. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағын, 2-тармағын, 3-тармағының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.




Яндекс.Метрика