Өңірлер

С.Кулагин «Ақмола облысының өндірістік әлеуеті» форумы аясында инвесторлармен кездесті

«Ақмола облысының өндірістік әлеуеті» форум-жин алысы аясында Көкшетау қаласында ірі инвесторлармен Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің төрт екіжақты кездесуі болды.
Ақмола15 Шілде , 17:34

Осылайша, аймақ басшысы «АПК Бавария Продукт» ЖШС ұйымдастырушысы Войгт Хенрикпен кездесті. Қазіргі күні  кәсіпорын Астрахан ауданында ірі жобаны іске асыруда.

Әкімдікте хабарлағандай, кездесуде С.Кулагин Ақмола облысы әрқашан өзара тиімді ынтымақтастық үшін ашық екендігін айтып өтті.

«Біздің аймақ инвесторлар үшін қолайлы ортаны дамытуды жеңілдету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды»,-деді аймақ басшысы.  

Өз кезегінде В.Хенрик әкімге алғысын білдіріп, іске асырылатын жоба ірі инвестициялық жобалардың бірі болып табылатындығын атап өтті.

«Біз Ақмола облысының дамуына бар күшімізді салатын боламыз»,-деді әкім.

Сонымен қатар, аймақ басшысы «НУХ Казагро» АҚ басқарма басшысы Нұрлыбек Малеловпен, «Айтас груп» топтық холдингтік компаниялардың негізін қалаушы Серік Толықпаевпен кезедсті. 




Яндекс.Метрика