Басқару

ҚР АШМ: Премьер-министрдің сібір жарасының жаңадан пайда болуына жол бермеу жөніндегі тапсырмасы орындалуда

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың ірі қара малдың тағыда сібір жарасы ауруларына шалдықпауын қадағалау туралы тапсырмасына сәйкес шаралар қолданылып жатыр, деді ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов Ортық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы15 Шілде , 16:27

«Қазақстан бойынша бір жарым, екі айдың көлемінде ірі қараның сібір жарасымен ауырған деректері тіркелді. Біздің әдістеме бойынша осы округтердегі барлық мал бастарына екінші қайтара вакцина егу шаралары, мал қораларына заласыздандыру жұмыстары жүргізілді. Арнайы карантин жарияланып, барлық мал қатаң бақылауға алынды»,-деді С.Хасенов.

Комитет төрағасы Премьер-министрдің төрағалығымен өткен кеңейтілген үкімет отырысында аймақтардың барлық басшыларына қысқа мерзімнің ішінде сібір жарасымен ауырған мал қорымдарын қоршау үшін қаржы бөлуді және әлі де анықталмаған қорымдарды анықтау туралы тапсырма бергенін атап өтті.

Осыған байланысты С.Хасенов бүгін Қарағанды облысындағы карантин алынып тасталғанын, сол жердегі малдар тұрақты түрде бақылауда болатынын атап өтті. Әзірге жаңадан ауырған мал байқалмайды және анықталмаған.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика