Өңірлер

Жамбыл облысында жаңбырлатып суару технологияларын пайдалану талқыланды (ФОТО)

Жамбыл облысы Жуалы ауданында «Егінжай күні - 2016» семинар – кеңесі өтті. Кеңестің негізгі тақырыбы алқаптарға қазіргідей ағын су тапшылығы жағдайында тамшылатып және жаңбырлатып суару технологияларын пайдалану, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл 15 Шілде, 18:53

Жамбыл облысы Жуалы ауданында «Егінжай күні - 2016» семинар – кеңесі өтті. Кеңестің негізгі тақырыбы алқаптарға қазіргідей ағын су тапшылығы жағдайында тамшылатып және жаңбырлатып суару технологияларын пайдалану.

Сондай ақ, семинар кеңесі барысында қант қызылшасы, жеміс-жидек және басқа бақша дақылдарын өсірудің тың тәсілдері таныстырылды.

2016 жылы облыстың ауыл шаруашылық саласына 10 млрд. теңге қаржы мемлекеттік қолдау ретінде бөлініп, өткен 6 айдың қорытындысы бойынша 4,3 млрд. теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде егіншілік саласын қолдауға мемлекеттік бюджеттен 2,3 млрд. теңге бөлініп, игерілуде.

Жалпы облыста 761,0 мың гектар егістік жер бар, оның ішінде 170,9 мың гектары суармалы жерлер.

Семинар барысында Жамбыл ауданындағы «Шайқорық бағы» ауылдық тұтыну кооперативі үдемелі бақтарды дамытудын тиімділігін түсіндірді.

Жиынға қатысушыларға «Пионер» өндірістік кооперативі де өз жұмыстарын көрсетті. 50 га қант қызылшасы өсірілген алқапқа қолданылған тамшылатып суару әдісінің тиімділігін түсіндірді. Семинарға қатысушылар елді мекендерді көгалдандыру арқылы «Жасыл белдеу» жоспарын орындау мақсатында 2016 жылы «Алматы-Ташкент» тас жол бойындағы 20 га-ға орналастырылған көпжылдық екпелер алқабына барды.

Өңір басшысына «Үміт» ШҚ-ның негізінде 50 гектар пияз дақылын тамшылатып суару технологиясымен өсіру инвестициялық жобасы таныстырылып, дихандарға тиімділігі түсіндірілді.
Одан соң қатысушылар «Аспан Агро» ШҚ егінжайында замануи ауылшаруашылық техникасының және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралады. Аймақтын шаруа қожалықтардың басшыларына жаңа техникамен танысу ғана емес, олардың техникалық мінездемесі, сатып алу және пайдалану жолдары түсіндірілді.

Соңғы жылдары мемлекеттік қолдаулар арқасында мал шаруашылығы қарқындап дамып келеді. Енді олардың өнімділігін артыру үшін сапалы мал азығы базасын жасау керек. Сондықтан "Гамбург" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі семинар осы мәселеге арналды.

Облыс әкіміне жаңбырлатып суару технологияларын пайдаланумен сүрлем жасайтын жүгері алқабы таныстырылды.
Дала күні соңында, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев аудан әкімдеріне және тиісті басқарма басшыларына ауыл шаруашылығында инновациялық технологияларды кеңінен енгізуге тапсырма берді.





Яндекс.Метрика