Ұлт жоспары 100 нақты қадам

2016 жылы Астанада сот төрелігінің сапасы 2,2%-ға жақсарды (БЕЙНЕ)

Астананың Алматы ауданында 2016 жылы сот төрелігінің сапасы өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға жақсарды, деп Астана қаласының Алматы аудандық сотының төрешісі Бейбітжан Қабылбеков бірінші жартыжылдық жұмысының қорытындысы бойынша брифингте мәлім етті.
Астана қаласы 15 Шілде, 16:09

«Бүгін Алматы аудандық соты қызметінің 2016 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы жасалды. Есептік кезеңде сот ісінде қарастырылатын істердің саны өсті және шамамен 11 080 шағым болды. Осыған орай, халықтың сотқа деген сенімінің артқанын көруге болады. Яғни, Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында іске асырылған іш-шаралардың септігі тиді»,- деді Б.Қабылбеков.

Оның айтуы бойынша, 2016 жылдың І жартысында статистикалық деректер көзі сот төрелігінің сапасы өткен жылмен салыстырғанда  2,2%-ға жақсарғандығын көрсетеді.

«Егер өткен жылы 546 шағым болса, биыл олардың саны 544, алайда 2015 жылы жойылған және сот шешімдерінің атауының саны 104-ті құрады, биыл бұл көрсеткіш 75 азаматтық істі құрады. Осыған орай, 2016 жылы сот төрелігінің сапасы 2,2%-ға жақсарғандығын аңғартады», деді ол.

Естерінізге сала кетейік, Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында екінші бағыты заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Анар Тәңірқұлова

Бейне: Азамат Әлиев





Дерекнама

Яндекс.Метрика