Евразиялық одақ

2017 жылы ЕАЭО елдерінде негізгі азық-түлік тауарларындағы өзін өзі қамтамасыз ету көрсеткіші 94%-ға дейін өседі

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы АӨК бойынша Консультативтік комитеті отырысында ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түліктің түрлеріне сұраныс пен ұсыныстар жөнінде АӨК орташа даму болжамы мақұлданды.
Әлемде15 Шілде , 17:56

Одақ мемлекеттерінің қатысуымен ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түлік өнімдерінің негізігі түрлері бойынша бүгінгі ахуал мен экономиканың агроөнеркәсіп секторын дамыту болжамдары, сыртқы және өзара сауда, сонымен қатар сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі жөнінде Комиссия құжатты дайындады.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде 2016-2017 жылдары агроөнеркәсіп кешендеріндегі қалыптасқан белсенді тенденцияның есебінен сыртқы сауда мен өндірістік көрсеткіштер жақсарады, деп күтілуде. Бұл туралы ЕЭК баспасөз қызметі хабарлады.

Сұраныс пен ұсыныс мүше мемлекеттердің ұлттық құзыретті органдарымен біріңғай ақпараттық негіздегі әдістемемен есептеліп дайындалды. Онда ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түлік өнімдерінің 11 түрі бойынша келісілген. Олар: бидай, ет пен ет өнімдері, сиыр еті, шошқа еті, қой еті, құс еті, сүт пен сүт өнімдері, қант, өсімдік майы, картоп және оның өңделген өмімдері, жұмыртқы және жұмыртқа өнімдері.

Агроөнеркәсіп ұлттық саясаты үйлестіру мен ортақ аграрлы нарықпен Одақ азаматтарының қажеттілігін тұрақты түрде қанағаттандырып отыруда ЕАЭО әрекет ететін болады. 




Яндекс.Метрика