Инвестициялар

Ақмола облысында 6,7 млрд теңгеге 193 техника бірлігі сатып алынды

Ақмола облысында 6,7 млрд теңгеге 193 техника бірлігі сатып алынды, деп хабарлады «ҚазАгро» АҚ.
Ақмола15 Шілде , 18:17

Егістік науқаны табысты аяқталды және облыс несиелеу көлемі бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады  (өтінім саны бойынша 1 орын: барлығы 1233 өтінім, оның ішінде Ақмола облысы бойынша 439 өтінім және қаржыландыру көлемі бойынша 4 орын (барлығы 32,3 млрд.теңге – Ақмола облысы бойынша 6,4 млрд.теңге).

Холдингпен 943 АШТӨ қаржыландырылды, егістік алаңы 2,1 млн. га.Республикалық бюджет қаражаты есебінен 20,7 млрд.теңге сомасына 855 АШТӨ қаржыландырылды (алаңы 1,8 млн. га). тартылған және меншікті қаражаты есебінен 83 АШТӨ қаржыландырылды, егістік алаңы 300,8 мың га,  2,4 млрд. теңге сомасына).

Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 5 млрд.теңге сомасына 121 бірл. егістік және жинау техникасы сатып алынды.

«ҚазАгро» холдингінің инвестициялық қоржынында Ақмола облысы бойынша 81 жоба бар, оның жалпы құны 53,8 млрд. теңге.  Оның ішінде құны 47,6 млрд.теңгенің 73 жобасы пайдалануға берілді, 2167 жұмыс орындары құрылды. Осы жылдың басынан бастап жалпы құны 10,5 млрд.теңгенің 26 инвестициялық жобасы іске қосылды және 785 жұмыс орны құрылды. Облыс инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі көшбасшы болып табылады.

Айта кетейік, барлығы Холдингтің қоржынында  жалпы құны 322 млрд. теңгенің 530 инвестициялық жобасы бар, оның 477 жобасы пайдалануға берілді, жалпы құны 271 млрд. теңге, шамамен 14,7 мың жұмыс орны құрылды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика