Адами капитал

Алматыда запастағы 200 офицердің әскери оқу-жаттығу жиындарына алғашқы жөнелтілуі өтті (ФОТО)

Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының запастағы 200-ге жуық офицері екі апталық әскери оқу-жаттығу жиындарына жіберілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы 15 Шілде, 20:26

Жиын жауынгерлікке барынша жақындатылған далалық жағдайда Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығының базасында  өтуде. Әскери міндеттілер  палаткалы лагерьде орналастырылды, азық-түлікпен, киім-кешек мүлкімен, далалық сабақтарға арналған әскери киім нысаны және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етіледі.

Палаткалы қалашықта сабақтарды сапалы өткізу және әскери міндеттілердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Ақпараттандыру, тәрбие жұмысы және тынығу бөлмесі, ауыз сумен ұдайы қамтамасыз ету пункті, душ қабылдау кабиналары, медициналық пункті.

 Екі апталық жиында запастағы офицерлерді мотоатқыш, танк әскерлері және артиллерия әскерлері мамандықтары бойынша взвод командирінің іс-қимылдарына оқытып-үйретеді. Бұл ретте практикалық сабақтарға негізгі назар аударылған.

Қатысушылар радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, тактикалық даярлық, әскери топография, байланыс құралдары, жалпыәскери жарғылар бойынша оқып-үйренеді. Одан басқа, оқ ату мен саптық даярлықтың тереңдетілген курсы.

 Әскери жиын аяқталғаннан кейін оқуды сәтті аяқтаған және оң мінездеме алған әскери міндеттілерге кезекті әскери атақ тапсырылады. Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментіндей атап өткендей, мұндай жиындар армияның резервісі болып табылатын әскери міндеттілерді даярлауды, демек, еліміздің Қарулы Күштерінің жауынгерлік және  жұмылдыру әзірлігін жетілдіруге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы әскери жиындар ҚР ҚК-нің әртүрлі полигондары мен әскери бөлімдерінде өткізілуде.

  ҚӘ ӘИ оқу-жаттығу орталығының базасындағы сабақтарға запастағы 300 офицер тартылады. Кейіннен тағы да 200 әскери міндетті Алматы өңірлік гарнизонының  Әскери полиция жасағына жөнелтіледі.  Ең соңында Гвардейск қүк. оқу-жаттығу орталығына 300 әскери міндеттіні жөнелту  жүзеге асырылады. Осылайша, жалпы алғанда, осы жылы 800-ге жуық әскери міндетті жиыннан өтеді.
 





Яндекс.Метрика